Жаңалықтар

Тұман, жел, көктайғақ: 30 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қагидромет" РМК 30 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ҚР аумақтарының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.