Қазақстандық боксшылар жекпе-жекке шықпай жатып 6 медаль жеңіп алды
Бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылды, жарыс Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында өтеді, деп хабарлайды buginmedia.kz msports.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер арасында Айбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионатын жартылай финалдан бастайды. Демек екі боксшы да кемі қола жүлдегерлер қатарында.
Ұлттық құрама капитаны бақ сынайтын 92 келіден жоғары салмақта 5 боксшы ғана қатысады. Айбек жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Жахонгир Закировпен жұдырықтасады.
86 келі салмақта да 5 боксшы қатысады. Ұлттық құрамаға оралған Бекзад 1/2 финалда украиналық Данило Жасанмен жұдырықтасады.
Әйелдер арасында Гүлсая Ержан, Диана Магауияева, Наталья Богданова мен Елдана Тәліпова жүлделі орынға ілігіп тұр.