Жаңалықтар

Тұман, жел, көктайғақ: 29 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 қарашада болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, -  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша - тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста - желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте  көктайғақ күтіледі.