Шоу-Бизнес

"Адам көп жерде жүріп әлек болдым": Ерке Есмахан өткен өмірін айтып, жан сырын ақтарды

Белгілі әнші Ерке Есмахан өткен шақта жалғыз қалған күндерін есіне алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін өмірінде теп-теңдік болмағанын айтады.

“Бәрін қайтадан бастауым керек. Менің қолымнан келеді. Арманымдағы өмірге қол жеткіземін” деп өмір сүрдім. Әр қиындықтың бір жеңілдігі барына сендім. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, тамақты уақытылы ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз болдым", – деп жазды шоу-бизнес өкілі. 

Сондай-ақ жасы ұлғайған сайын ана атана алмай қаламын деген қорқынышпен өмір сүргенін де айтты. 

“Тек Муслимнің анасы болып қаламын ба?", "Тағы да ана боламын ба?", "Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?", "Мен шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездеме ме?" деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым", – деп жан сырын ақтарды Ерке. 

Еске салайық, өнер иесі елде жоқ әшекей ойлап тапқанын айтқан еді.