Стипендия 500 мың теңгеге дейін өседі - министр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 2028 жылы докторанттардың стипендиясы 500 мың теңге жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның айтуынша, үкімет жаңа оқу жылы басталған сайын бакалавр, магистратура және докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын көбейтіп отырады.
«Жыл сайын бакалавриаттағы шәкіртақыны 20 пайызға, магистратура мен докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейтіп отырамыз. Қазір докторантурадағы студенттердің шәкіртақысын 230 мың теңгеге жеткіздік. Мақсатымыз – 2028 жылға дейін олардың стипендиясын 500 мың теңгеге дейін өсіру», - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, келесі оқу жылының басында шәкіртақы тағы да көбейеді.