Жаңалықтар

Көктайғақ, жел, тұман: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 28-30 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.