Экономика

27 қарашадағы валюта бағамы жарияланды

Астана мен Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 — 504 теңгеден саудаланып жатыр,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ұлттық банктің 27 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,75 теңге. Еуро — 524,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504,5 теңге. Еуро 523,5 — 527,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 499 теңге, сатып алу құны — 504 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,82 — 4,92 аралығында саудаланып жатыр.