Жаңалықтар

Тұман, жел, қар: 27 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

The final spritzer

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әлі де Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман, еліміздің батысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.