"Ақ көйлек кию маған да бұйырды": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өмірінде не болып жатқанын айтты
Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші.
Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ-қа аттанатынын айтты.
“Армандар орындалады! Жаратқанға тәуекел етіп, аманаттай отырып әрекет ете берсең, нәтижелер толассыз келе береді екен. Сол нәтиженің бірі, менің қуанышыма бұйырыпты. Америкаға жол ашылды. Қазақ елім, сіздерден сүйінші сұрайтын күндерімнің көп екенін білемін. Соның бірін бөлісіп жатырмын. Қыздарыңыз өнерімен әлемге жол салмақ”, – деді өнер иесі.
Тағы бір жазбасында Парижге сүйіктісімен баратынын айтады.
"Париж - менің бала арманым! “Махаббаттың қаласы” болғандықтан, тек сүйіктіммен барамын деп мақсат қойдым!", - деп жазды ол.