Қар, тұман, көктайғақ: 26 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан аумақтарының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда – тұман, еліміздің оңтүстік-батысында – көктайғақ күтіледі.