Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз елдің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады.

Республика бойынша тұман және желдің күшеюі 15-20 м/с, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін болады деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.