Жаңалықтар

Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын зерттеді

Америкалық ғалымдар өлім алдында адамның ағзасында қандай процесс болатынын анықтады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жасушаның өлімі оның учаскелерінің біріндегі бұзылудан басталады, ал бұл "өлім белгісі" деп аталатын химиялық заттың бөлінуіне алып келеді. АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары Джеймс Феррел мен Сианруй Ченг осындай қорытынды жасаған

Олардың айтуынша, химиялық зат "триггер толқынын" тудырады, бұл реакция біртіндеп жасушаның басқа учаскелеріне әсер етіп, осындай "белгілерді" қоздырады.

Сондай-ақ, бір жасушаның өлімінен кейін бұл процесс көрші жаусшаларда жалғасады. Ғалымдардың сөзінше, "триггерлік толқын" адамның ағзасында "өлім белгісі" біткенше тарала береді. Бұл "толқынның" жылдамдығын ғалымдар жасуша өлімінің жылдамдығы деп атады, ол минутына 30 микрометрді құрайды (сағатына 1,8 миллиметр).