Спорт

"Жекеме көп жігіт жазады": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тележүргізуші Динара Сәтжанның "Late night" шоуына қатысып, жеке өмірі туралы сұқбат берді, деп хабарлайды buginmedia.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Өз адамымды әлі кездестірген жоқпын. Кездесуге бара бермеймін, негізі кездесуге ешкім шақырмайды, сондықтан бармаймын. Әлеуметтік желіде жекеме келген хаттарды оқимын, бірақ шынымды айтсам әркіммен кездесетін ниетім жоқ. Жекеме көп жігіт жазып жатады, бірақ ешкіммен кездеспедім", - деді боксшы.

Айта кетейік, боксшы Назым Қызайбай 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында ел қоржынына қола медаль салған еді.