Саясат

Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz

"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар әкімі - Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар әкімінің орынбасары - Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар әкімі сайлауында жеңіске жеткен болатын.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.