Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалады?
Биыл Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалатыны туралы жазған болатынбыз.