Жаңалықтар

"Астананың аспанынан жойғыш ұшақтар өтеді": Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды", - делінген хабарламада.

Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.