Жаңалықтар

Тұман жел, көктайғақ: 23 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы ауысып, ауа-райын негізінен жауын-шашынсыз етеді.

Республика бойынша тұман, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында – желдің күшеюі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – көктайғақ күтіледі.