Мәзір
22 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Екібастұзда жоғалған 9-сынып оқушысы дронның көмегімен табылды

Павлодар облысында үйден кеткен кәмелетке толмаған бала дронның көмегімен табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Екібастұзда жоғалған 9-сынып оқушысы дронның көмегімен табылды Екібастұзда жоғалған 9-сынып оқушысы дронның көмегімен табылды
Фото: dzen.ru


22 қараша күні таңертең Екібастұз қаласының полициясына 9-сынып оқушысы кәмелетке Тамерланның толмаған ұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы туыстары жүгінді.

"Кәмелетке толмаған бала сағат 03:00 шамасында үйден шығып, оралмағаны анықталды. Полиция бағдар жасап, облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне және жақын маңдағы өңірлерге жіберілді. Дереу жасөспірімді іздеу ұйымдастырылды. Қаланың жертөле және шатыр үй-жайлары, қараусыз қалған ғимараттар, құдықтар, саяжай алабы тексерілді. Жоғалған адам туралы ақпарат жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Іздеуге 300-ге жуық азамат тартылды: полиция және ТЖ қызметкерлері, сондай-ақ екі іздестіру иттері, еріктілер, тікұшақ және ұшқышсыз ұшатын аппарат пайдаланылды. Сағат 13.00 шамасында ұшу аппаратының түсірілімдерінің арқасында кәмелетке толмаған бала саяжай қоғамдастығы ауданында байқалды",- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір Тамерлан туыстарымен бірге.
 

Апта талқысында: