Жаңалықтар

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 22 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында қар күтіледі, шығысында жекелеген аудандарда қалың қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, орталықта – көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі.