Аймақ

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 4 облыста жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сонымен мына 4 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылған:

Ақмола облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы-Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

- "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы);

- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті ауылы);

- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы - Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы);

- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы).

Ұлытау облысы:

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.