Жаңалықтар

Астанада жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті

Өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 Астана қаласы ТЖД хабарлауынша, елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген.

"Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 2 техника, 10 адам жұмылдырылды", — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

"Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз", — деді ведомство.