Экономика

Ұлттық банк доллар бағамы 600 теңгеге дейін өсе ме деген сауалға жауап берді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының өсіміне қатысты пікір білдірді,деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Менің ойымша, санның өзіне көп мән береміз. Өсу қарқыны маңызды", - деді Тутушкин Сенат кулуарында.

Журналистер доллар құны 600 теңгеге дейін өсе ме деп сұрады.

"Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас бағамы еркін режимде", - деді ол.