Бір өңірде оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілді
Қостанайда көктайғаққа байланысты мектептер қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлады buginmedia.kz қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
"Ауа райына байланысты 21 қарашада Қостанай қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ колледждің бірінші ауысымдағы 1-2 курс студенттері де қашықтан оқытуға көшірілді, 3-4 курс студенттерін қашықтан оқытуға көшіру туралы шешімді директор өзі қабылдайды.