Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 21 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қарашада болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр, қар түрінде жауады. Еліміздің солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшейуі, солтүстік бөлігінде бұрқасын күтіледі.