Әлемде

Рэпер P.Diddy-ді сотқа бергендердің саны көбейді

Нью-Йорк федералды сотында P.Diddy деген атпен танымал америкалық музыкалық продюсер және рэпер Шон Комбсқа «зорлау және қудалау» бойынша алты жаңа айып тағылды, деп хабарлайды buginmedia.kz «Associated Press»-ке сілтеме жасап.

ҚазАқпараттың жазуынша, Сотқа бергендердің бірі оны 16 жасында зорлағанын айтады. Кейбір эпизодтар P.Diddy-дің «ақ кештер» деп аталатын кештерінде өтті деген болжам бар.

Барлық алты талап-арыз қауіпсіздік мақсатында анонимді түрде берілген. Белгілісі, оның екеуін әйел, тағы төртеуін ер адам берген.

Олар Шонды «даңқын пайдаланып» зорлық-зомбылық жасады деп айыптады.

Кейбір шағымданушылардың айтуынша, рэпер оның талабын орындаудан бас тартқандарды немесе оған көпшілік алдында қарсылық көрсетуді жоспарлағандарды «өлтіремін» деп қорқытқан.

Адвокат Тони Базби қазанның 2-сі күні P.Diddi-ге қарсы 120 адам сотқа шағым түсіргенін, олардың 25-і зорлық-зомбылық кезінде кәмелетке дейінгі жаста болғанын хабарлады.

Қорғаушылардың айтуынша, кейбір жағдайларда кештерде жәбірленушілердің сусындарына белгісіз заттар, соның ішінде есірткі араластырылған. Сот процестері 1991 жылдан бергі зорлық-зомбылық істерін қамтиды.

18 қыркүйекте 54 жастағы Шон Комбсқа «ірі көлемді қылмыстық іс», адам саудасы және тағы бірнеше қылмыс жасады» деген айып тағылды.

Ол қамауға алынды және Бруклиндегі федералды түрмеде отыр. Рэпер барлық айыптарды жоққа шығаруда.