Жаңалықтар

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: 21-23 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 21-23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады, сол себептен жауын - шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, көктайғақ құбылыстары күтіледі, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.

22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.