Тұман, көктайғақ, жел: 20 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.