Тұман, жел, көктайғақ: 19 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) жауады.
Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, орталықта – көктайғақ күтіледі.