1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді
Биылғы 1 желтоқсанан бастап елімізге заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгертіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
“Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар”, - делінген комитет хабарламасында.
Яғни жаңа ереже бойынша, Қазақстанға көлік құралдарын әкелетін заңды тұлғалар көліктің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын КҚТМ құжатына ие болуы тиіс.
Комитеттің хабарлауынша, бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.