Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 17 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін антициклон сілемі әсер етеді, тек республиканың батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша тұман, солтүстігіеде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.