Жаңалықтар

Алматы мен Жамбыл облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысының полицейлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде 6 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.

Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған.

Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді.

Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тінту кезінде 5 келіден астам «гашиш» және 1 келіден астам «марихуана» тәркіленді.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.