Аймақ

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 15 қазанға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде Қазақстанның оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, түнде еліміздің шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Қазақстанның орталығында жаяу бұрқасын, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда  көктайғақ  болжанады.

Түнде Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.