Отбасы мүшелерін түгел бауыздаған: Прокуратура СҚО-дағы қанды оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облысы Жұмысшы ауылында 2023 жылдың желтоқсанында бүтін бір отбасы мүшелерін аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскерлерге шыққан үкімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер азамат «E»-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, азамат «О»-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, азамат «С»-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды.«О» және «С» азаматтарына қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді.Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Е. және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.
Ас үй пышағымен олар ерлі-зайыпты мен олардың ұлын мойын аймағынан бауыздаған.
Психологтардың пікірінше, үш күдікті – Е., О. және С. да ақыл-есі дұрыс. Яғни, бұл қылмысты жоспарлап жасаған.