Грек аралында қазақстандық ұсталды
Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.