"Құны – 150 миллион теңге": Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады
Некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйлаған танымал блогер Дархан Жолшыбеков бұл жолы әйеліне көлік алып берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Блогер әйелі Дариғаға халық алдында алғыс айтты.
“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет!
Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды ол.