Жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, қар: 14 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар   күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында-көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман күтіледі.