Шоу-Бизнес

"Бір өкініш бар": Құрманай Бақтиярқызының қызы анасының арманы мен соңғы сөзін айтты

Жақында өмірден өткен Құрманай Бақтиярқызының қызы nur.kz тілшісіне сұхбат беріп, анасының арманы мен соңғы сөзін айтып берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Анам осы уақытқа дейін жеті операция,жеті рет наркоз қабылдады, 17 күн комада жатты. Осындай қиындықты өткергеннен кейін анама ештеңе етпес деп ауруханаға апарған едік. «Концертке дейін сәл күш жинап алайын» деп, анам ауруханаға жатты. Өз аяғымен барды, шұғыл жағдайда түскен жоқ. Айта кетейін, менің 26 қазанда туған күнім еді. Ал 25 қазанда анамды құттықтап, ауруханаға барып, шекесінен сүйіп қайттым. 26 қазанда туған күнімді тойладық, анаммен видеоқоңырау арқылы сөйлестім. «Қызым, алтыным, бәрі жақсы. Уайымдама. Мен осы жерден аттай болып шығамын. Алла қаласа, концертті абыроймен өткіземіз» деді. Сөйтіп 27 қазан сырқаттанып қалыпты. 28 қазанда таңертең ауруханаға барып, анамды көреміз деп отырғанбыз. Барсақ, дәрігерлер келді де: «Анаңыз қатты нашарлап кетті, үзіліп кетті», – деді. 28 қазан таңғы 10:30-да жеткізді", - дейді  қызы.

Құрманай Бақтиярқызы өлерінің алдында қызына аманатын айтып үлгерген.

"Анамның маған тастаған екі аманаты бар: інім мен сіңлім. Оларды құтты орнына қондыруым керек, інімді үйлендіруім керек. Анамның армандарын бірге отырып блокноттарға жазатынбыз. Анамның армандары өте көп еді. Мешіт салсам, ата-анаммен, балаларыммен бірге қажылыққа барып келсек дейтін. «Қызым, осыдан жазылып кетсем, сол жаққа қарай көшеміз бе?» деп анам күлуші еді. Өмірінің соңына дейін бәрімен хат алмасып тұрған. Тіпті ауылдағы жаңадан түскен келіндерінің бәрін шайға шақырып, өзінің кететінін білгендей, сезгендей өзінің бар шапанын үстілеріне жауып жіберген ғой. Анамның үйі, көлігі өзінің ұл-қызында қалды. Ұл-қыздары материалдық жағдайдан еш қиындық көрмейді. Бір өкініштісі – 2025 жылы 24 мамырда анам 50 жасқа толар еді. Сол сәтті көре алмай кетті…", – деді ол.