Мәзір
13 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қию рәсімі күні өлтіріп кетті

Көкшетауда көңіл көтеру орынан 22 жастағы жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұм жігіттің туыстары айтып берген, деп хабарлайды buginmedia.kz 

Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қию рәсімі күні өлтіріп кетті Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қию рәсімі күні өлтіріп кетті
Фото: sinegor.kz

Туыстары қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болғанын айтады.

Ақмола облысы полиция департаменті оқиғаға пікір білдірді.

"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бақтияр Утекин. 

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін мәлімдеді.

Апта талқысында: