Бұрқасын, көктайғақ, жел: 13 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 13 қарашада Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.
Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі.