"Күйеуімнің тапқанының бәрін енем алады": келіншек өмірге келетін сәбиіне жаялық алатын ақшасы жоқ екенін айтты
Заңгер Ләззат Рақышева тағы бір оқырманның хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Сәлеметсіз бе, Ләззат ханым ! Мазаласам кешіріңіз, сізден, оқырмандарыңыздан ақыл-кеңес алсам деп жазып отырмын. Жакында 2-рет ана боламын 38 аптадан астық. Күйеуім бар, кайын атам жұмыс боиынша бізбен тұрады, ай сайын айеліне айлығын салып отыр. Енем Өзбекстанда тұрады Казакстанның ақшасымен 500.000 қарызға кіріп отыр, ол қарызын күйеуім аванс алып төлеп берді, осыдан 2 айдың алдында қайын атам тыныш жүрмей 800 мың теңгеге қарызга кірді. Оны да күйеуім төлеп отыр, барлығы 1.300.000 тг ге қарыз төлеп отырмыз Өзім баламен үйдемін, балам 3-ке келіп калды, бізде бәрі жақсы еді, бар тапқан табысын қолыма әкеліп ұстататын. Бәріне жеткізіп отырғанмын, енді босанам деп отырғанда қарыз төлейміз деп арамызда күнде ұрыс басталып кетті, ұрыстың басты себебі сәби қорапшасы әлі жиналмаған, балага не памперс, не жаялық ала алмай отырмын. Енем бірінші баламды босанғанда да келмеген,бұл балада келіп қараса аласызба десем, «әркім оз баласын бақсын»деп отыр.
Күиеуім былай жақксы адам, тек осы жылы мамасы коп іріткі салып, ұрыстыра береді, екі баламен кайда кетеди деп ойлайды, ажырасар ойым жоқ..Бала-шағамды жалгыз жеткізе алмасым аны. Ата-анамнан көмек сурай алмаймын. Өздері оңып отырған жоқ. Үйленгенімізге 5 жыл болды. Енди күйеуімнен ақша тауып берші 20-30 мың, заттарымды алайын десем, мамаңнан сұра дейді. Менен кейін 5 бала бар үйде. Ләззат ханым, отініш инстаграмыңызга шығарып беріңізші, өмір көрген апалар ақылын айтса, жане дұрыс түсинбей қалмаңыз, тек сәбиге арналған сумкаға көмекесе алатын болса, коментке қалдырса, өзім шығып, құжаттарымды жіберер едім. Шарасыздықтан шығып отырмын. Енем бізді жайымзға қалдыру үшін не істесем болады, ақыл сұрағым келеді", - деп жазған келіншек.