Аймақ

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 12 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстанның аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

«Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.