Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген құжатта.
Бұған дейін ол ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.