Мысырда қазақстандық туристер отырған автобус жол апатына түсті
Египетте ТМД туристері мінген автобус аударылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды buginmedia.kz Cairo 24 басылымына сілтеме жасап.
Автобустағылардың басым көпшілігі ресейлік және украиналық туристер.
«Зардап шеккендердің 31-і – Ресей мен Украинадан, үшеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды», – деп жазды Cairo 24.
Жол-көлік апаты Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.