Аймақ

Жеке араздық бес адамның өмірін қиды ма? Алматыдағы өртке қатысты 37 жастағы әйел ұсталды

Алматыда бес адамның қаза болуына себеп болған жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтап, оқиғаның мән-жайын қалпына келтірді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған.
 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.