Экономика

Отбасы банктен төмен пайызбен ипотека алу үшін ақшаны қалай жинау керек?

krisha.kz Отбасы банк депозиті қалай жұмыс істейтінін, бағалау көрсеткіші не үшін керек және 3.5–5% ипотека рәсімдеу үшін не қажет, ақшаны қалай жинау керегін түсіндірді , деп хабарлайды buginmedia.kz.

Отбасы банкте депозит қалай жұмыс істейді

Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Алдымен депозит ашып, онда үй құнының 50%-ын жинау керек. Содан кейін ғана ипотека рәсімдеуге болады.
Жинақ мерзімі неғұрлым ұзақ болса, қарыз бойынша мөлшерлеме соғұрлым төмен. Ең жоғары мөлшерлеме — 8.5%, ең төмені — 3.5%.

Депозитке қанша ақша түседі

Депозит бойынша мөлшерлеме — жылына 2%.
Мемлекет жыл сайын жинақ сомасының 20%-ы көлемінде сыйақы береді, бірақ 200 АЕК-тен аспайтын сомаға ғана қосылады.

2026 жылы мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері 173 000 теңге болады. Оны толық алу үшін депозитті жыл ішінде 865 000 теңгеге толтыру керек.

Ипотека мөлшерлемесі неге байланысты

Мөлшерлемеге екі көрсеткіш әсер етеді:

1. Бағалау көрсеткіші (БК).
Ол жинақ мерзіміне мен тұрақтылығына, сондай-ақ депозиттегі сомаға байланысты.
Ипотеканы қандай шартпен рәсімдей алатыныңыз БК-ға байланысты:
5-тен басталатын БК — 8.5%-бен аралық қарыз рәсімдеуге болады. Депозит ашылғанына кемінде 6 ай болуы керек.
Аралық қарыздың ерекшелігі: жиналған 50% депозитте қалады, ал банк үйдің толық құнына қарыз береді. Пайыз қарыздың бүкіл сомасына қосылады. БК 16-ға жеткенде, депозиттегі ақша қарыздың бір бөлігін өтеуге жұмсалады. Мөлшерлеме төмендейді, ал пайыз тек қалған қарызға қосылады.
16-дан басталатын БК — 3.5—5%-бен тұрғын үй қарызын алуға болады. Ол үшін депозиттің ашылғанына 3 жыл болуы қажет. Пайыз тек қалған қарызға қосылады.

2. Қосылатын сыйақы (ҚС).
Бұл банктің депозитке қосатын пайызы.
Қосылатын сыйақы ипотека сомасына әсер етеді: ҚС неғұрлым жоғары болса, банктен соғұрлым көп ақша ала аласыз.

Депозитте жылдам ақша жинақтаудың 5 жолы

1. Депозитке ай сайын ақша салыңыз.
Ақшаны тұрақты салыңыз, барлығын жылдың аяғына қалдырмаңыз.
Сонда жинақ пен бағалау көрсеткіші тезірек өседі.

2. Банк ұсынған сомадан көп салыңыз.
Келісімшартта банк ай сайын қанша ақша салу керегін жазады. Бірақ депозитке одан көп ақша салуға болады.
Мысалы, банк ұсынған жарна 40 000 теңге болса, 42 000 салыңыз.
Сонда жинағыңызды тез ұлғайтып, БК-ны арттырасыз.

3. Депозитке ірі сома салыңыз.
Ай сайынғы жарнадан бөлек тағы ақша жинау мүмкін болса, оны депозитке бірден салыңыз. Сонда жинағыңыз тез өседі, ал бүкіл сома ертерек пайыз әкеле бастайды.

4. Бүкіл отбасымен жинаңыз.
Туыстар бөлек депозит ашып, әрқайсысы өз салымы үшін мемлекеттік сыйақы ала алады.
Мысалы, отбасының үш мүшесі депозитін қажет сомаға толтырса, әрқайсысы 173 000 теңгеге дейін сыйақы алады. Бәріне 2026 жыл үшін 519 000 теңгеге дейін түседі.
Маңызды: бір адамға бірнеше депозит ашылса, сыйақы тек біреуіне беріледі.

5. Депозиттерді біріктіріңіз.
Туыстар бөлек депозитте ақша жинап, мемлекеттік сыйақы алып, ипотека рәсімдер алдында жинақтарын біріктіре алады.
Ол үшін ақша қарыз алатын отбасы мүшесінің депозитіне аударылады. Мемлекеттік сыйақы қалады.

Ипотеканы сыйақы төленгеннен кейін рәсімдеген тиімді. Заң бойынша ол депозитке 1 наурызға дейін түседі.

Отбасы банктен ипотеканы не үшін алуға болады

Банк мыналарды сатып алуға қарыз береді:

жаңа құрылыстағы немесе екінші нарықтағы пәтер;

жеке жер үй;

үй салуға арналған жер телімі,

сондай-ақ үй салуға және тұрғын үйді жөндеуге.

Тұрғын үйге қойылатын талаптар

Панель үй — өтінім берген күні салынғанына 60 жылдан аспауы керек. 2026 жылы 1966 жылы және одан кейін салынған үйлер жарамды.

Кірпіш, монолит, бетон және ұлутастан салынған үйлер — салынғанына 60 жылдан аспауы қажет.

Саман немесе өнделмеген кірпіш үй — салынғанына 25 жылдан аспауы керек.

Ағаш және арболит үй — салынғанына 30 жылдан аспауға тиіс.

СИП-панельден салынған үй — салынғанына 5 жылдан аспауы керек.

Ипотека үшін қанша төлеу керек?

10 жылға 30 млн теңгелік ипотека бойынша төлемнің есебі. Жартысы — 15 млн теңге депозитте жиналып қойған.