Шоу-Бизнес

«Кешью» тобының бұрынғы солисі отбасындағы қаралы хабарды жеткізді

Нейрохирург Ғали Аринов 76 жасында қайтыс болды. Марқұмның қызы, «Кешью» тобының бұрынғы солисі Анель Аринова әкесінің қазасы туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әнші әкесіне арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялап, енді онымен бұрынғыдай сөйлесіп, ақылдаса алмайтынына көндігу қиын екенін жеткізді.

«Енді қасымда бұрынғыдай болмайтыныңды түсіну қорқынышты… Саған қоңырау шалып, даусыңды естіп, жаңалықтармен бөлісіп, ақыл сұрап, сырласа алмайтынымды түсіну қиын. Әке, мен бұған үйрене алмайтынымды білемін… Енді бәрі басқаша болады. Барлығы үшін рақмет, папа. Өмірің, махаббатың және артыңда қалдырғаның үшін. Сені жақсы көремін және әрдайым жақсы көре беремін», – деп жазды Анель Аринова.

Жазбадағы мәліметке сәйкес, Ғали Бабашевич Аринов 1950 жылғы 3 қарашада дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 24 қарашада 76 жасында өмірден өтті.