Аймақ

Кішісі 12 жаста: Алматыда 7 және 9-сыныпта оқитын үш оқушы қыз ұсталды

Алматыда есірткі таратты деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды. Олардың екеуі 9-сыныпта, біреуі 7-сыныпта оқиды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бас прокуратура хабарлауныша, кәмелетке толмаған қыздар есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, оларды жасырын орындарға орналастырған деген күдікке ілінген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құзырлы органдардың ескертуінше, оңай ақша табуға қызығу жасөспірімдердің болашағына қауіп төндіріп, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.