Аймақ

Қар, көктайғақ, -5 градус: 26-28 қарашаға ауа райы болжамы

Қазақстанда 26–28 қараша күндері ауа райы күрт өзгеріп, бірқатар өңірде жауын-шашын түседі. Синоптиктер қар мен жаңбыр, тұман, көктайғақ болатынын ескертті. Сонымен қатар жел күшейіп, температура төмендейді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан елдің көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады.

Әсіресе солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың жекелеген аудандарында жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Республика аумағында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болып, желдің екпіні артады.

28 қарашада ауа температурасы қандай болады?

Апта соңында елдің бірқатар өңірінде күн айтарлықтай суытады. Синоптиктердің болжамынша:

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде күндіз ауа температурасы 0…-5 градус болады;

Оңтүстік-батыс пен шығыста 0…+5 градус;

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5…+10 градус;

Таулы аймақтарда 0…-5 градусқа дейін төмендейді.