"Кедейдің қызы деп 5 жыл кездескен жігітім тастап кетті": 10 жылдан кейін не болғанын айтты
Заңгер Ләззат Рақышева бойжеткеннің хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Сәлеметсізбе Ляззат ханым! Менің 9-сыныптан бір-бірімізге қатты ғашық болған жігітім байдың баласы болды. 5 жыл жүріп үйленетін кезде мені кедейдің қызы екеенімді біліп, естіп, тексеріп, ата-анасының сөзінен аса алмай тастап байдың қызын алып кетті. Мен содан бері тыныш өмір сүрмедім, ешкімді сүймедім, қандай қиын болды. Қазір он жылдан асты әлі балалары жоқ екен", - деп жазған қыз.