Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Игорь Лепеха бұл қызметті 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келген. Яғни, төрт жылға жуық уақыт ІІМ басшысының орынбасары болды.
40 жылға жуық ішкі істер органдарында қызмет еткен
Игорь Лепеха 1962 жылы Қарағанды облысының Осакаровка кентінде дүниеге келген. Алғашқы білімі бойынша инженер, кейін Ресей ІІМ академиясын тәмамдаған.
Ол ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1986 жылы Теміртауда бастаған. 20 жылдан астам уақыт Қарағанды облысында жұмыс істеп, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
2009 жылы Ішкі істер министрлігіне ауысып, екі жылдан кейін Әкімшілік полиция комитетін басқарды. 2020 жылдың наурызынан бастап ІІМ аппаратын басқарған.
2022 жылдың қазанында министрдің орынбасары болып тағайындалып, 2023 жылдың мамырында полиция генерал-лейтенанты атағын алған.